Чилдибаева Асел Жумагуловна 1980 жылы 1 маусымда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Айдарлы ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. 1 сыныпқа 1987 жылы Айдарлы орта мектебіне оқуға барып, 1997 жылы 11 сыныпты бітірді. 1997 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің биология факультетіне түсіп, 2001 жылы "Биология" мамандығының бакалавр деңгейін «Ботаника» кафедрасындағы мамандану бойынша бітірді. 2001-2003 жылдары магистратурада одан әрі білімін жалғастыра жүріп, 2002-2004 жж. ботаника кафедрасында маман қызметкері ретінде қызмет атқарды. 2003-2005 жж. аспирантураны бітірді. 2004-2005 жж. аспирантурада оқи жүріп, ботаника кафедрасында оқытушы (0,25 жүктемемен) боп қызмет атқарды. Аспирантураны бітірген соң аталған кафедрада 2005-2006 жж. оқытушы (0,5 жүктемемен) боп қызмет атқарды. 2006-2007 жж. декреттік демалыста болды. 2007-2009 жж. экология және ботаника кафедрасында оқытушы (толық жүктемемен) қызметін атқарды. 2009-2012 жж. ботаника және экология кафедрасында маман қызметкері қызметін атқарды. 2012-2013 жж. биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып, 2013-2015 жж. декреттік демалыста болды. 2009-2011 жж. «Іле- Балқаш аймағының биогеоценоздарының қазіргі жағдайын кешенді бағалау» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша, «Іле-Балқаш өңірінің флорасын түгендеу – оның фитогенофондын қорғаудың, парықты пайдаланудың және басқарудың ғылыми негізі» атты ғылыми жобада кіші ғылыми қызметкер болып қосымша қызмет атқарды. 2011-2012 жж «Алматы облысының кейбір сирек кездесетін өсімдік түрлерінің биологиялық ерекшеліктері, қазіргі кездегі жағдайы және олардың ценопопуляциясын қорғау» атты ғылыми жобада да G-8 санатты кіші ғылыми қызметкер лауазымын атқарды. 2011-2013 жж «Қазақстан өсімдіктерінің анықтауышы» атты ғылыми жобада G-7 санатты ғылыми қызметкер лауазымын атқарды. 2013 жылдан қазіргі кезге дейін аға оқытушылық қызметін атқаруда. 97 ғылыми мақалалардың авторы, оның ішінде 10 тезис, 20 конференция материалдары, 44 ғылыми мақалалар (ҚазҰУ хабаршысы), 2 тезис Thomson Reuters базасында жарияланған. 6 оқу-әдістемелік нұсқаулық, 6 оқу құралы, 2 оқулық авторлық серіктестікпен, 3 мақала Web of Science және Scopus (Q2- 1-мақала, Q3-2 мақала) мәліметтер базасына енетін халықаралық журналдарда жарияланған.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2001 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
20.10.2022 |
0
құжаттар
0